2025 жылғы 27 қарашада «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ конференц-залында «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС ұйымдастырған «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-тың еншілес ұйымдарының ғылыми әзірлемелері: АӨК үшін заманауи шешімдер» тақырыбындағы семинар өтті.

Шараға мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының республикалық палаталарының төрағалары, аграрлық сектор кәсіпорындарының басшылары, жетекші ғалымдар және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында «ҰАҒББО» КеАҚ еншілес ұйымдарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелері бойынша жаңартылған ғылыми әзірлемелер деректер базасы таныстырылды. Жаңартылған база агробизнеске заманауи ғылыми шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

Сүт және аралас тұқымдар бойынша Республикалық палатаның директоры А. Сағынбаев ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің жоғары маңыздылығын атап өтті. Ол ғылыми зерттеулер нақты бизнестің қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілуі тиіс екенін және осы форматтағы семинарлар пікір алмасу, диалог құру және бірлескен шешімдер қабылдау үшін тиімді алаң екенін айтты. Соңында ол мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу тілегін білдірді.

Семинар барысында қатысушылар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады және жалпы фотосуретке түсті.

Семинар ғылыми қауымдастық пен агробизнес арасындағы серіктестікті нығайтуға, инновациялық технологияларды енгізуге және сала дамуына үлес қосатын маңызды қадам болды.